Ел тынысы

Қазақ шаңырағының астында



1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында «Бір шаңырақ астында» атты киіз үй құру акциясы өтті. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық ­қатынасты, туған ел, Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында өткізілді.

Акция ортақ шаңырақ астында ұлттың бірлігін, Отан игілігі үшін қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр адамның елдің дамуына қосқан үлесі мен атсалысуын білдіреді. Салтанатты іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button