Елорда тынысы

Қарулы күштер қатарына қосылды



Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлеріне елордадан биылғы күзгі әскерге шақырылушы жастардың кезекті командасы аттанды.

Елордалық әскерге шақырылушылар Қонаев қаласындағы Десанттық-шабуылдау бригадасының құрамында мерзімді әскери қызметін атқаратын болады.

«Бұл күндері «Айбынды жас – Қазақстанның тірегі» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жүріп жатыр. Қыркүйек айында біз Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтауды аяқтадық. Жақсы нәтижелерге қол жеткізе отырып бізбен жабдықталған әскери бөлімдердің командирлері біздің тарапымызға жақсы пікірлер білдірді. Армия үнемі жаңартылып келеді, сондықтан бізде әскерге шақырылушыларға үлкен талаптар қоямыз. Әскери қызметке біз тек үздіктерді жібереміз. Шақырылушының физикалық жағдайы мен денсаулығын, сонымен қатар психологиялық дайындығын, білім деңгейін, мамандығы мен біліктілігін тексереміз. Осы мәліметтердің нәтижелері бойынша оларды әскерлердің түр-түріне бөлеміз. Жасақталатын әскери бөлімдерде қажетті мамандықтарды ескере отырып, жастардың қатарын жаңадан толықтырамыз» деп түсіндірді Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы, подполковник Медет Тұрыскелдиев.

Іс-шараға қала әкімдігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты.

Әскери қызметке шақырылғандарға Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист жауынгерлер мен ата-аналар жақсы нұсқаулармен сөз сөйлеп, әскери жолын лайықты өтіп «Үздік қызметі үшін» марапаттармен үйлеріне аман-есен оралуларына тілек білдірді.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button