Елорда тынысы

Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Бұл туралы қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездестім. «Ашық микрофон» форматында елорданың дамуы, нақтырақ айтқанда, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және елорда тұрғындарының әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселелерін талқыладық. Сол сияқты инфрақұрылымды дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, экология, әлеуметтік нысандар құрылысы және тағы басқа нақты мәселелер талқыланды. Жүзеге асып жатқан жобалардың мониторингіне азаматтық қоғам өкілдерін белсене қатысуға, өз идеялары мен ұсыныстарын айтуға, сондай-ақ бізбен бірге олардың орындалу сапасын бақылауға шақырдым. Мұндай кездесулерді үнемі өткізіп тұрамыз» деді Ж.Қасымбек


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button