Мәдениет

Үздік гимнасшылар анықталады



Конституция күніне орайластырылған көркем гимнастикадан кіші разрядтар арасында қала біріншілігі басталды. Medipol спорт кешенінде бастау алған іріктеу кезеңінде Қарағанды облысы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 200-ден астам жас гимнасшылар бақ сынайды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, қалалық көркем гимнастика федерациясының президенті Сайранбек Әбілқайыр қатысты.

– Спортшылар 3 күн бойы гимнастикалық жаттығуларды орындап, шеберлігін көрсетеді. Үздік танылғандары ел чемпионатына жолдама алады, – дейді Сайранбек Әбілқайыр.

Астана қаласында гимнастика қарқынды дамып келеді. Бұған республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерде табысты өнер көрсетіп жүрген елордалық спортшылардың жетістігі дәлел болады. 13 көркем гимнастика мектебі мен бір балалар-жасөспірімдер олимпиадалық даярлау мектебінде 3000 аса гимнаст шеберлігін шыңдайды.

Чемпионаттың ашылу салтанаты барысында «спорт шеберіне үміткер» атағымен бірнеше жас гимнасшылар марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button