Мәдениет

Ұлттық мерекесі ұлықталды



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-ми­нистрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілегін жеткізді.

Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынас байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Мемлекет басшысы Нарендра Модидің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Атаулы күні Үндістанның Астанадағы елшілігі Свами Вивекананда мәдени орталығында Үндістанның 77-нші Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған үлкен іс-шара өткізді.

Салтанатты рәсім уақытша сенімді өкіл Дигвиджай Санджай Патил мырзаның ту көтеруінен басталды, содан кейін Үндістанның ұлттық әнұраны шырқалды. Ресми бөлім Үндістанның құрметті президентінің уақытша сенімді өкілдің ұлтқа үндеуін оқумен жалғасты.

Үндістанның 75 жылдығын тойлауды жалғастыра отырып, Үндістан елшілігі 2023 жылдың 1 тамызында AKAM онлайн-викторинасын бастады. АКАМ мерекесі аясында елшілік «Хар Гар Тиранга», «Гаон Мери Дхарохар» және «Мери Маати Мера Деш» науқандарына ықпал етіп, Тәуелсіздік күні қарсаңында елшіліктің қызметкерлері мен Астанадағы үнді қауымдас­тығының мүшелері қатысқан іс-шара ұйымдастырды.

Үндістанның бостандығы үшін күреске қоғамның барлық саласындағы адамдар қатысты. «Ванде Бхарат» – Отан бостандығы мен мақтанышы үшін өз өмірін қиған батырларға сәлем» тақырыбындағы би-музыкалық презентация Тәуелсіздік күнін мерекелеудің шарықтау шегі болды. «Ванде Бхарат» үнді биі мен музыкасының әртүрлі формасын, соның ішінде қазақтың халық биін ұсынуды SVCC директоры Санжай Веди мырза ойлап тапқан және оны SVCC би мұғалімі және орындаушысы Видягаури Хемант Адкар ханым қойған. Қазақстандық әртістер үнді және қазақ билерін бірдей кәсіби шеберлікпен орындап, сахнада өздерінің жігерлі және әсем өнерімен көрермендерді таңғалдырды. Сахналық қо­йылым әртістерді уақытша сенім білдірілген өкілмен құттықтаумен аяқталды. Іс-шараға 200-ден астам үндістер мен қазақтар қатысты.

Үнді тағамдары Қазақстанда өте танымал. Осыған орай, Үндістан елшілігі «India Gate» үнді мейрамханасымен бірлесіп тары тағамдары фестивалін ұйымдастырды. Аспаздық фестиваль жоғары дәрежеде өтті. Үнді мейрамханасы өзінің аспаздық шеберлігін инновациялық тары тағамдары арқылы көрсетті.


Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button