Мәдениет

Өнерпаздар көрмесі



Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің маңындағы Ұстаздар аллеясында астаналық білім беру ұйымдарының білікті ұстаздары мен өнерпаз білім алушылардың жұмысына арналған көрме өтті. Оған 350-ден аса қатысушы қызығушылық танытты.

Іс-шара Астана қаласы Әдістемелік орталығының бастамасымен ұйым­дастырылды. Аталған орталықтың қызметіне елордалық білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеу, сондай-ақ педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау кіреді.

Қатысушылар «Монтессори for everyone» шеберлік сыныбын, «Оқуға құштар мектеп» кітаптар мен «Өнерлі қол – бақытқа жол» шығармашылық және сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Мен оқыған кітап…» READх жобасы аясында ашық алаң өткізілді. «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасы аясында Qtalks «Бірлігіміз жарасқан» лекциялық алаңы өтіп, оған қала мектептерінің ұстаздары спикер ретінде қатысты.

Ұстаздар аллеясында елордалық ұстаздар, оқушылар мен студенттердің жұмыстары көпшілікке таныстырылып, олардың жұмысына арналған көрме ұйымдастырылды. Аталмыш көрменің тақырыбы ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

Көрмеге қатысқан №1 өнер мектебі көркемсурет бөлімінің оқытушысы Дәурен Бейсенбаев оқушыларының жұмысын таныстыра отырып, олардың шығармашылығы туралы айтып берді.

«Көрмеге біздің мектептің 11 баласы қатысып, өз жұмысын ұсынды. Мұндай іс-шаралар балаларға өзінің шеберлігін паш етуге, озық идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Өнер мектебіне 11-12 жас аралығындағы балалар қабылданады. Кейін түлектердің шамамен 80-90 пайызы колледждер мен университеттерге сурет не дизайн мамандығына түседі» деді Дәурен Бейсенбаев.


Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button