Мәдениет

Өнер ошағындағы наурыз



Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Наурыз – думан» атты мерекелік іс-шара өтті.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов, оның орынбасары Нұран Қамзин, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Еркебұлан Ағымбаев, Астаналық цирк бас директоры Ерік Жолжақсынов, белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазин құрметті қонақтар қатарында болған думанда қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, жұрт ұлттық тағамдардан дәм татты, әуезді әндер айтылып, мың бұралған бишілер би биледі, ұлттық ойындар ойнатылды.

Алдымен Қыдыр ата бата берді. Филармония ұжымы он ауылға бөлініп, әрқайсысы ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті. Атап айтқанда, «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Тоқымқағар», «Байғазы беру», «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Түйемұрындық», «Құда күту», «Құйрық-бауыр асату», «Беташар» көрсетілді


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button