Ел тынысы

Елордада Ауған жауынгерлеріне арналған Кубок өтті



Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің спорт кешенінде қойын-қолтық айқастан «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскерлердің қолбасшысы атындағы Кубок өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Чемпионат Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орайластырылған. Оған гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің атынан сегіз командадан тұратын 70-тен астам әскери қызметші қатысты.
«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскерлердің қолбасшысы атындағы Кубок иегері боп 31775 әскери бөлімінің командасы атанды. Күміс жүлде 99260 әскери бөліміне тисе, қола алқа 85510 әскери бөліміне берілді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ибраев қатысушыларға дене шынықтыру дайындығының жоғары деңгейі үшін алғыс айтып, спорт пен қызметте одан әрі табыс тіледі.
«Жарыс өте керемет өтті. Сіздер бір-бірлеріңізге лайықты қарсылас болдыңыздар. Ерік-жігер, табандылық және жауынгерлік мінезбен турнир арналған интернационалист жауынгерлерге лайық екендеріңізді дәлелдедіңіздер, – деп атап өтті полковник Ержан Ибраев.
Қойын-қолтық айқас бойынша біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және грамоталармен марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button