Әлеумет

Алматы аудандық ардагерлер Кеңесі өткен жылға есеп берді

Бүгін Астана қаласының Алматы аудандық Ардагерлер кеңесі өткен жылға есеп беріп, 2024 жылға жоспарын бекітті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

 Жиынға Астана қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов пен Алматы ауданы әкімінің орынбасары Нұрмат Абдраимов қатысты. Кеңестің 4 пленумында алдымен Алматы ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Марат Мұстафиннің өткен жылғы жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.

       -Қазіргі таңда біздің ауданда 32406 зейнеткер тұрады, соның 8 мыңнан астамы Кеңеске тіркелген. Олар 66 бастапқы ардагерлер ұйымдарына біріккен. Соның ішінде 4 зейнеткер – Ұлы Отан соғысының ардагері, 257 адам – тыл еңбеккері, 35 адам – жалғыз тұратын зейнеткерлер. Біздің бұл бағыттағы жұмысымыз қоғамның қарбалас  тіршілігіне белсене араласып, мезгіл-мезгіл жастармен кездесіп, баспа беттерінде өз ой-пікірлерімізді жазып,  өмірлік парасатты ақыл-кеңестерімізді беріп, өнегелі өмір талпынысын ортаға салу, – деді өз баяндамасында Марат Мұстафин.

Сонымен қатар ол аудандық ардагерлер Кеңесінде әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша үнемі қабылдау жүргізілетінін жеткізді. Былтыр ардагерлер тарапынан 1000-нан астам өтінімдер келіп түскен. Олардың біразы тіс протездеу, санатория-курорттық емделу, жеңілдікпен газеттерге жазылу, концерттерге тегін билет алу және азық-түлік пакеттеріне қатысты болды.

         –        Өнер десе ішкен асын жерге қоятын егде жасты еңсерген ақсақалдар мен әжелер топтасқан ауданымыздағы «Елорда» халықтық хоры, (жетекшісі Дүйсенова Үміт Әлібекқызы), «Арқа әуендері» халықтық ансамбілі (жетекшісі Жанұзақова Кенжетай Ерғалиқызы),  «Әдем-ау» ансамбілі (жетекшісі Тағыбаев Жалдыбай Байғараұлы), қала мекемелерінде, мектеп сахналарында тамылжыта ән салып, құйқылжыта күй күмбірлетіп халықымыздың өнерін насихаттауда.  Былтырғы жылы «Арқа әуендері» ансамбілінің 10 жылдығын, «Елорда» халықтық хорының 15 жылдығын аудан болып атап өттік. Бұл іс-шара қалалық, республикалық басылымдарда жарық көріп, теледидар арнасынан көрсетілді. Бұл дағы қартарымыздың ерен еңбегінің жарқын көрінісі деп есептеймін, – деді спикер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button