Ел тынысы

Қазақстанда 11 мың оқушы француз тілін оқиды



Бельгияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі Қазақстанға француз тіліне көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Біз Қазақстанға және оның халқына франкофонияға деген қызығушылығы үшін алғыс айтамыз. Біз қызметімізге қатысқандардың барлығына ризашылығымызды білдіреміз және фестивальге қатысуға шақырамыз», – деді Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Антуан Бинамэ ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

320 миллионнан астам адам сөйлейтін француз тілі – әлемдегі ең көп таралған бесінші тіл. Ол – 29 ел мен БҰҰ, Еуропалық Комиссия, Халықаралық Олимпиада комитеті, Дүниежүзілік Сауда ұйымы және тағы да көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі. Француз тілі ағылшын тілінен кейін дүниежүзінде ең жиі меңгерілетін екінші тіл. Қазіргі таңда Қазақстанда тек 11 000 оқушы француз тілін оқуда. 2023 жылғы қарашада қазақстандық мектептерде француз тілін оқыту үрдісін дамытуды көздейтін үкіметаралық келісімге қол қойылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button