ЖаңалықтарҚала мен Сала

300 ТОННА ӨНІМ САТЫЛДЫ



Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде астаналықтар Ырғыздың балығын, Шалқардың етін, Мартөктің сүтін, Ойылдың тарысы мен майқұртына қарық болды. Екі күнге созылған шарада 300 тонна өнім сатылды.

«Қазақстан» спорт кешені алаңында өткен жәрмеңкеге 6 аудан мен Ақтөбе қаласының 50-ден астам тауар өндірушілері қатысты. Олар 124 тонна ет, 26 тонна картоп пен көкөніс, 27 тонна сүт өнімдері, 15 тонна өсімдік майы, 21 мың дана жұмыртқа, 30 тонна шұжық өнімдері және 50 тоннадан астам басқа да азық-түлік әкелген.

Базар бағасынан 10-15% төмен сатылған жәрмеңкеде елордалықтардың қарасы көп болды. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп жатқан жәрмеңкеге облыстың «Айс+», «Молочные истории-А», «АНДИ», «Шыңғыс», «Қостемір», «Рамазан», «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Ақтөбе-нан», «Рокос» және тағы басқа қайта өңдеу кәсіп­орындары қатысты. Іс-шара Ақтөбе облысының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button