Елорда тынысы

3D принтер шығарады



Биыл Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет әртүрлі форматтағы 3D принтерін құрастыратын шағын ­өндіріс ашылады.

Технологияны құрылыс және басқа да өнеркәсіпте қолдануға болады. Өндірістің жылдық қуаты 300 принтер деп жоспарланған.

Университет ғалымдары өндірушілермен бірлесіп, 3D принтер шығарудың инновациялық технологиясын қолдануға ниет танытып отыр. Өндіріс «ENU-Lab» ғылыми-­өндірістік орталығының ­базасында құрылады.

Шығарылатын тауарға негізгі тапсырыс берушілер еліміздегі және шет мемлекеттердің технопарктері, білім беру мен ғылыми мекемелер және индустриялық кәсіпорындар болмақ. Өнімді экспорттау мүмкіндігі де қарастырылып отыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button