Қала мен Сала

90 автобуспен толықты



Елдегі ірі мегаполиске айналған Астанада қоғамдық көлік ­санын арттыру маңызды міндетке айналды. Осындай қажеттілікті ескерген Астана қаласының әкімдігі автопарктердің 90 жаңа автобуспен толығуын қолдады.

Қоғамдық көліктің бір бөлігі – электр автобустары. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандус­тармен және ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған арнайы орындармен жабдықталған.

«Жалпы, биыл қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, күн сайын желіге орта есеппен 900 автобус шығады. Осылайша, 400 жаңа автобус автопаркті едәуір ұлғайтуға, жаңа маршруттарды іске қосуға, қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т. б. мүмкіндік береді» деді Жеңіс Қасымбек.

Автобустардың бір бөлігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қоғамдық көлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша, сол сияқты жеке автопарктердің қаражаты есебінен сатып алынды.

Елордада күн сайын рейсте 900-ден аса автобус қызмет көрсетсе, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін 1500 автобус керек екен. Елорда әкімдігі бұл мәселені елде өндірілетін автобусқа лизинг алу арқылы шешпек.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button