Білім

90 жылдық мектеп орнына жаңа білім ошағы салынды



Елорданың Сарыарқа ауданындағы Қарасай батыр көшесінде орналасқан ескі №36 мектеп орнына жаңа оқу ошағы салынды. Мұны Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz .

«Астанада он екінші жаңа мектеп ашылды! Осыған дейін балалар 90 жыл бұрын салынған мектепте оқып жүрді! Қазір оқушылар жайлы оқу орнында білім алып жүр. Жаңа мектеп екі ауысымда 2400 оқушыға арналған. Оқу орны заманауи оқу кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ, спорт және акт залдары, медициналық кабинет, кітапхана, балалар алаңдары және т.б. бар.

Осылайша, қазіргі оқу жылында 12 мектеп ашылды. Оқу жылының соңына дейін тағы 3 мектеп ашамыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырылатынын жазды. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Есіл мен Нұра аудандарында орналасатын болады. 2027-2028 жылдарға дейін бас-аяғы 200 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 80 мектеп салу жоспарлануда.

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button