Мәдениет

АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛАДЫ



Берлинде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылады. Бұл ақжолтай ақпаратты Германиядағы Deutsch-Kasachische Gesellschaft Германия-Қазақстан қоғамының жетекшісі Галина Нұртазина хабарлады.

Германия астанасындағы көшелердің бірі 2000 жылы Абай атын иемденген болатын. Данышпан ақынның ескерткіші дәл осы көшенің бойында орнатылатын болып отыр.
Сондай-ақ ­Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16-17 тамыз күндері Корея Респуб­ликасына мемлекеттік сапары кезінде Абай ескерткіші ашылады деп жоспарлануда.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button