Елорда тынысы

Әке – отбасының тірегі



Биыл қазақстандықтар алғаш рет Әкелер күнін атап өтті. Осыған орай, елордадағы Ботаникалық бақта Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен қала әкімдігі  «Әке – отбасының тірегі» атты мереке ұйымдастырды.

Іс-шараға Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов, Республикалық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет қатысып, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Бүгін біз еліміздегі Әкелер күнін алғаш рет атап өтіп отырмыз және бұл күні әр шаңырақта жаңа дәстүр қалыптасады деген ойдамын. Әке болу дегеніміз – балаға жақсы дос, серіктес болу және отбасылық міндеттерді бөлісе атқару. Әкелер бала тәрбиесімен айналысып және оларға қамқорлық көрсете білсе, баланың жан-жақты дамуына оң әсер етіп қана қоймай, отбасын нығайтып, ерлі-зайыптылар арасындағы жауапкершіліктің біркелкі бөлінуіне ықпал ететіні белгілі. «Отан – отбасынан басталады» деген жақсы сөз бар. Сол отбасының тірегі – отағасы, қарашаңырақтың иесі – әкелер. Әкелеріміз мықты болғандықтан, бізге осынау ұлан-ғайыр дала мұра болып қалған. Әке, ата ұғымында кие мен қасиет бар. Ата-жұрт, Атамекен деуіміздің сыры – осында. Туған топырақ атаның, ананың есімімен тікелей байланысты. Қолына қалам ұстаған кез келген азамат ата-ана туралы толғайды. Әкелерге арналған мереке отбасы құндылықтарын дамытатыны сөзсіз» деді Дархан Қыдырәлі.

Үкіметтің қаулысымен біздің елімізде бұл мереке енді жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін болды.

– Әкелер күні көптеген Азия елдерінде бар. Біз осындай мерекені өзімізде ұйымдастыруды шештік. Себебі қазақтардың отбасындағы әкенің рөлі әрқашан маңызды болған. Ер адам өзі үшін ғана емес, әйелі мен балалары үшін де жауап береді. Ол отбасында негізге тірек болып табылады. Алайда ата-ана тәрбиесімен негізінен, аналар айналысады, ал біз бұған ер адамдар да белсенді қатысқанын қалаймыз, – деді Мақсұтбек Айтмағанбет.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button