Елорда тынысы

Әкім депутаттармен кездесті



Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордамыздың өзекті мәселелерін бірлесіп шешу үшін депутаттық корпуспен кездесті.

Басқосуда тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттарын сапалы орындау, ескі тұрғын үйлерді бұзу, есірткі құралдары мен олардың аналогтарын анықтау үшін қалаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу, қоғамдық дәретханалардың жұмысы және тағы басқа мәселелер талқыланды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Көптеген мәселелерді іске асыру үшін бір мандатты округ бойынша сайланған мәслихат депутаттарына нақты тапсырмалар бекітілді. Депутаттардың жол карталары бойынша мәселелер айғақталып, 5 жыл ішінде орындалатын болады. Енді мәслихат депутаттары қала әкімінің елорда тұрғындарымен кездесулеріне белсенді түрде қатысады» деп жазды Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button