Елорда тынысы

Әкім тұрғындармен кездесті



Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың Алматы ауданына қарасты Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының тұрғындарымен кездесті.

Бұл шағын ауданда 80 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындар инженерлік желілер, жолдар, әлеуметтік нысандар салу, абаттандыру, автобус санын арттыру, интернет секілді өзге де мәселелерді көтерді.

– Бұл шағын аудандағы басты міндет – инженерлік желілер мен жолдар салу, абаттандыру. Біз ең бірінші кезекте осы жұмыстарды орындаймыз. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыста мектеп салынады.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін арнайы орындар ашу маңыз­ды екенін ескере отырып, ­аулалар мен қоғамдық кеңістіктер, сол сияқты дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін саламыз. Балаларды көбірек қамту үшін үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бесеуінің құрылысы күзде басталады. Оның бірі Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында орналасады.

Биыл жалпы қала бойынша 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер, 11 мектеп, 150-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік салуды, 400-ге жуық автобус және т.б. іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды. Шағын аудандар мен елді мекендерді жұмыс кестесіне сәйкес дамытатын боламыз, – деді қала әкімі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button