Мәдениет

Әскери-патриоттық әндер әуеледі



Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жас сарбаз – патриоттар мекені» жобасы аясында әскери-патриоттық ән байқауы қорытындыланды.

ҚР Қарулы күштерінің 31 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, «Жас сарбаз» қалалық филиалының басшысы Асхат Налшыбек қатысты.

Байқаудың бас жүлдесі №42 орта мектептің оқушысы Толғанай Мұқатайға берілді. Бірінші орынды №49 мектеп-гимназия оқушысы Тәңірберген Мұқашев жеңіп алды. Екінші орынды №37 мектеп-лицейден «Жас екпін» ансамблі, үшінші орынды педагогика колледжінен Диас Мэлс алды.

Ал «Жас сарбаз» жұлдызы» аталымын А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты колледжінің «Жас қыран» тобы жеңіп алды. №72 мектеп-лицейден қатысқан Әдел Күнәділова «Үздік авторлық орындау» аталымында топ жарды. №80 мектеп-гимназияның оқушысы Айсұлтан Рахметолла көрермендер көзайымына айналды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button