Ел тынысы

Әуежайдағы байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Азаматтық авиация комитеті Астана қаласының әуежайында әуе кеңістігінің жоғары жүктелуіне байланысты 2024 жылғы 2-4 шілде аралығындағы кезеңге белгілі бір рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты ҚР отандық авиакомпаниялары мен әуежайларына жолаушыларға сапалы қызмет көрсету және рейс кешіктірілген немесе тоқтатылған жағдайда ақпаратты уақтылы беру жөнінде тиісті ұсынымдар берілгенін хабарлайды.

Бұдан басқа, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында жолаушыларға көмек көрсету мақсатында 2024 жылғы 2-4 шілде аралығында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейтін болады», — деп жазды ведомстводан.

Рейстің мәртебесі туралы ақпарат алу үшін жолаушыларға келесі байланыстар арқылы хабарласу ұсынылады:

— «Air Astana» + 7727244 44 77, +7 (717-25) 8-44-77, +7 (702-70) 2-44-77;
— «FlyArystan» +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 (702-70) 2-02-27;
— «SCAT» +7 (725-29) 9-88-80; — «Qazaq Air» + 7 727 356 14 14;
— «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ +7 7172 798213.

 

Сурет: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button