Ел тынысы

Айкүне – қазақ гимнастикасы

Бүгінде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының дене шынықтыру инструкторлары «Айкүне» жаттығуының негізін қалаған автор Абай Баймағамбетовтың өзінен дәріс алуда. «Айкүне» методикасына оқыту 20 күнге созылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласы Әкімдігінің Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 9 дене шынықтыру инструкторы автордың арнайы курсын оқып, сауықтыруға айналған жаттығу тәсілдерін үйренуде.

Қазақ жаттығуының авторы, сынықшы, ата-бабасының ізін жалғастырған емші Абай Баймағамбетов БҰӨСО-ның директоры Мұхтар Еркетаевқа қайырымдылық сертификатын табыс етіп, егде жастағы адамдардың биологиялық жасын төмендету жолында бірлесіп жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Бұндай оқыту курсы қайырымдылық бастамалар негізінде ұйымдастырылып, 5 жылға дейін жалғасатын болады.

Орталық басшысы Мұхтар Дүйсенұлы осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға мұрындық болған Абай Ақатұлына алғысын айтып, ұлт саулығы үшін атқарып жатқан еңбегіне жеміс тіледі.

Кездесуге келген зейнеткерлер қазақ гимнастикасының авторына шексіз алғыстарын білдірді.

Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Абай Баймағамбетовтың кәсіби инструкторларды даярлайтын авторлық курсы Астана қаласында 4 шілдеге дейін жалғасатын болады.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button