Қоғам

Айласын асырған әйел



Астанада қаржы пирамидасының құрбаны болған бір азамат полицияға шағым түсіріп, өзінің алаяқтық іс-қимылдардың құрбаны болғанын хабарлады. Астана қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жәбірленушінің бір таныс адамы бірнеше жыл бойы үнемі жоғары табыс тауып отырған жоба туралы айтыпты.

Инвестициялық компанияның қызметін жарнамалай отырып, ол жәбірленушіге белгілі бір соманы салуды ұсынған. Пайда табуды көздеген ер адам 1 млн 300 мың теңге ақшасын берген. Біраз уақыт өткеннен кейін күткен табысын ала алмаған ол полицияға жүгінген.

Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы азаматшаны анықтады. Әйелдің осыған ұқсас айламен бірнеше адамды алдағаны да белгілі болды. Қазіргі кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тиісті тергеу-зерттеу іс-шараларын жүргізуде.

Қалалық полиция департаменті азаматтарға жинаған қаражатты жарнамаланған кез келген инвестициялық компаниялардың басқаруына бермеуге кеңес береді. Сондай-ақ мол табыстылық пен жарнамаға сенбеуге шақырады, бұл компания қызметінің заңсыз екендігін көрсететін белгілер.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button