ӘлеуметЖаңалықтарСаясат

ӘЛЕУМЕТКЕ КЕҢЕС БЕРДІ



10-1-asli

Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, ашық есік күнін өткізді. Оған 50-ге жуық елорда тұрғындары қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партия­сы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүке­нов­тің айтуынша, шара барысында қойылған халықтың әрбір сұрағы назардан тыс қалмайды. Мәселен, 2016 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне 220 мыңнан астам адам хабарласқан. Ал биылғы жылдың алғашқы екі айында 24 мыңнан астам халық қабылдау бөлмесіне жазылған.
– «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болғандықтан, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оны шешуде қыруар жұмыс жасалып жатыр. Елбасының тапсырмасы бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, кестеге сәйкес әртүрлі саланың басшылары халықтың сұрақтарына жауап беруде. Бүгінгі ашық есік күніне Сарыарқа аудандық прокуратурасы қатысып, тұрғындардың мәселесін шешуге тырысады, – дейді Жұмажан Жүкенов.
Ал Сарыарқа ауданының прокуроры Еркеболат Серік­баевтың айтуынша, ашық есік күні екі жаққа да тиімді болды. Өйткені 18 мемлекеттік органдардың өкілдері жиналып, бір мезгілде 50-ге жуық азаматтарға кеңес берді.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button