Ел тынысы

Aлғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді

Қазақстанда алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» байқауы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бүгін Астанада «Jas Kenes Siylygy» жаңа жобасы таныстырылды. Байқау – ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бастама жас мамандарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

«Jas Kenes Siylygy» жобасының басқа конкурстардан айырмашылығы, басшылар мен топ-менеджерлер қатыса алмайды. Жобаның мақсатты аудиториясы – жас мамандар. Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды экономикалық салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі көптеген отандастар үшін жиі көзге түспейтін жас қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында беріледі», – деді ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Әділ Құсманов.

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер «Janqiarlyq», «Altyn jürek», «Önerkäsıp», «Bolaşaq turaly qamqorlyq», «Adamgerşılık», «Kömek qoly» және «Bızdıñ üi» деп аталатын 7 номинация бойынша қабылданады.

Негізгі ақпараттан басқа, үміткерлер ұсыныс пен мотивациялық хат ұсынуы керек. Іріктеуден кейін сыйлықтың құрылтайшыларымен сұхбат болады. Нәтижесінде әр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. «Jas Kenes Siylygy» лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алады.

Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау 2024 жылғы 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады. Өтінімді Jaskenes.kz/application сайтында беруге болады.

Сыйлықтың құрылтайшысы – ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button