Ел тынысы

Алматы ауданында жаяу жүргіншілер кеңістігін дамыту жұмыстары жалғасуда

Алматы ауданы әкімінің аппараты Ақбұлақ өзенінің жағалауынан Б.Момышұлы даңғылына дейін созылып жатқан ауданның маңызды артериясы – Тәуелсіздік даңғылының жаяу жүргіншілер кеңістігін дамыту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Бүгінгі күні келесі жұмыстар аяқталды:
17 500 шаршы метр аумаққа төсеніш төселді, бұл жалпы сыртқы көріністі және жаяу жүргіншілер қозғалысының ыңғайлылығын айтарлықтай жақсартты. 4000 шаршы метрге асфальт жабындысы төселді, бұл азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын жақсартуға ықпал етеді.
Жоспарға 40 қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнату кіреді, бұл даңғыл бойымен серуендеуге одан әрі ыңғайлы жағдай жасайды. Қазіргі уақытта Тәуелсіздік даңғылы, 6/1 және Тәуелсіздік даңғылы мен Күйші Дина көшелерінің қиылысында екі скверді абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Тұрғындардың демалуына жайлы орындарды қамтамасыз ету үшін көлеңкелі шатырлар жасалуда.
Сондай-ақ, арнайы қолдауды қажет ететін жандар үшін жаяу жүргіншілер аймақтарында еркін жүруге мүмкіндік беретін кедергісіз орта жасалған. Жағымды атмосфера мен жайлы ортаны қамтамасыз ету үшін көгалдандыруға және көлеңкелі шатырларды жасауға ерекше назар аударылады. Бүгінгі таңда 150-ден астам ағаш отырғызылды, сонымен қатар қарағай, жабайы алма, терек сияқты 700-ден астам ағаш отырғызу жоспарлануда.
«Алматы» ауданы әкімі аппаратының абаттандыру бөлімінің бас маманы Шаймардан Сұлтан:
«Біздің жұмысымыз, барлық азаматтар үшін жайлы, кедергісіз және әдемі қалалық ортаны құруға бағытталған және оған қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді салуды жалғастырып келеміз» – деп атап өтті.
Сонымен қатар, аудан бойынша Т.Жүргенов көшесі мен Ақбұлақ өзенінің жағалауында екі қоғамдық кеңістікті дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button