Мәдениет

Алты дүркін чемпион



Өзбекстанның Хива қаласында гір спортынан әлем чемпионаты өтіп, онда елордалық ардагер спортшы Жұмағалей Зулгарин дараланды.

Ардагер спортшы ұзын цикл (1-орын, 106 рет), серпе көтеру (1-орын, 107 рет), жұлқа көтеру (1-орын, 107 рет, 220 көтерілу) бойынша бірінші орын алып, 6 дүркін әлем чемпионы атанды.

– Хиваға жақсы дайындықпен бардым. Гір спортында шыдамдылық пен батылдық қажет. Мейлінше гірді көп көтеру үшін өз-өзіңді жеңіп, ерік-жігер таныту маңызды. Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. Бұл – ұзақ жылдық еңбектің нәтижесі. Мүмкіндік болса, алдағы уақытта жаттығуды тоқтатпай, жеңісті жолды жалғастырамын, – деді Жұмағалей Зулгарин.

Республикалық, халық­аралық жарыстарда 65-69 жастағы спортшылар арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Жұмағалей Зулгарин әрбір жаттығуға жауапкершілікпен қарайды. Бұл туралы ардагер спортшының жеке бапкері Серік Абдахин айтты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button