Елорда тынысы

Ана тілімізді ардақтағандар



Елордада Республика күніне орай іс-шаралар жалғасып жатыр.  Төлеген Айбергенов атындағы 16-орта мектепте «Жаса, жайна, жаңа Қазақстан!» атты өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өткізілді.

Қазақтың өнерін, ұлттық тағам­дары мен салт-дәстүрін насихаттайтын іс-шараға қаты­сушылар өзге ұлт өкілі бола тұра ана тілімізде ән айтып, би билеп,  ұлттық тағамдарды жасап, өз өнерлерін ортаға салды.

Педагогтарға, ата-аналарға, оқу­шыларға ерекше дем берген сайыстың өтуіне мектеп директоры – Сауле Азимханова мен Т.Айбергенов атындағы мемориалдық музей жетекшісі Гаухар Жүсіпова мұрындық болғанын атап өту керек.

Отбасы, бала тәрбиесінде тілімізді, ділімізді, ұстанған дінімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымыздың озығын насихаттап, үйрету, тәлім-тәрбиенің өзегі етуді мақсат етіп, тәртіп пен тәрбиесіз білім де, байлық та құнсыз екеніне көрсеткен сайыста дәстүріміз лайықты түрде насихатталды.

Қатысушылар қолданбалы қол­өнер шеберлігі, ұлттық салт-дәстүр жөніндегі білім деңгейі, ән-би өнері бойынша сайысқа түсті. Ол бес кезеңнен тұрды, оған қатысқан өзге ұлт өкілдері – Галина Мұсабекова, Анна Чалык, Гюльнара Аскерова, Жанна Ергалиева және Евгения Климова өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүріміз жайлы сындардан сүрінбей өтті. Нәтижесінде, бастауыш буын оқу ісінің орынбасары – Евгения Андреевна бас жүлдені қанжығасына байласа, ағылшын тілі мұғалімі – Галина Мусабекова мен информатика пәнінің мұғалімі – Жанна Ергалиева 2-орынды, ал ата-ана Гюльнара Аскерова мен асхана меңгерушісі Анна Чалык 3-орынды иеленді.

Кеш тек ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың дәріптелуімен ғана емес, аға буын мен жастар арасындағы сабақтастыққа, рухани бірлікке жол салуымен, парасат пен ізгіліктің ерекше салтанатымен ерекше әсерге толы болды.

 


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button