Мәдениет

«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» ПАРИЖГЕ АПАРДЫ



Париж қаласындағы Club L’Etoile кино­театрында өткен «Әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын таныстыру аясында «Қазақфильм» киностудиясының «Анаға апарар жол» атты фильмі көрсетілді.

Картинаны Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Новый мир продакшн» компаниясымен бірлесе түсірген. Ол өмірдіӊ ауыртпалығына төтеп берген, қиын-қыстау күндері сұрапыл соғыстыӊ мехнатын көрген жігіттің тағдыры туралы сыр шертеді. Режиссер Ақан Сатаев түсірген лентаны француз көрермендеріне онда ана рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды.
– Франция астанасыныӊ төрінде елімізді, мәдение­тіміз бен дәстүрімізді таныс­тырғаныма өте қуаныштымын. Көрермендер фильмді үлкен қошеметпен қарсы алды. Қазақстанда дүние есігін ашып, қазақ болып туғаныма, қазақ актрисасы атанып, осындай ауқымды фильмде рөл бұйырғанына тағдырыма шексіз ризамын, – деді актриса.
Аталған фильм 38-інші Халықаралық Мәскеу кинофестивалі мен «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, бас жүлдені жеңіп алса, актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы бойынша лауреат атанды. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «Сыншылар таӊдауы» жүлдесінде үш бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, «Еӊ үздік актриса» – Алтынай Нөгербек және «Екінші пландағы үздік актриса» Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталмыш фильмніӊ композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті. Одан бөлек, кинотуынды Бішкекте өткен «Ақ ілбіс» атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияныӊ үздік фильмі атанды. Ал 2017 жылы маусым айында Нью-Йоркте өткен 5-інші Еуразиялық кинофес­тивальде тарихи кинотуынды «Үздік көркем фильм» жүлдесін алды. Сонымен қатар, фильмніӊ бас продюсері Әлия Назарбаева «Кино әлеміндегі еуразиялық әйел­дер» жүлдесімен, ал картинада ана рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек «Үздік актриса» жүлдесімен марапатталды.

Серік ПІРНАЗАР




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button