Елорда тынысы

Ақтөбе тәжірибесімен танысты



Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бастаған депутаттар жұмыс ­сапарымен Ақтөбе қаласына барды.

Төрағаның айтуынша, бұл қалада құрылыс мерзімі 2,5 айға ғана созылған, құны 300 млн теңгеден басталатын өрт депосын салу жобасы сәтті іске асты. Кешенде оқу мұнарасы, спорт алаңы, жанармай құю бекеті, су ыдысы, БӨП, арнайы техникаға арналған ангарлар және т. б. қарастырылған.

«Болашақта біз Астананың тұрғын алаптарында осындай типтегі құрылыс­тарды саламыз. Өрт сөндіру деполары біздегі климат жағдайына және елордалық құтқарушылардың талабына толық сәйкес келеді. Қазіргі уақытта елордада 12 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, тағы 18 өрт сөндіру бөлімін салу қажеттілігі бар» дейді Ерлан Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button