Қоғам

Арақ-шарап қымбаттайды



1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін. Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.

Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1980 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі – 2930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы: арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір ­литрі – 2100 теңге; коньяк пен брендидің бір литрі 3110 теңге болмақ.

Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button