Қоғам

АРДАГЕРДІ АРДАҚТАДЫ



Күні кешеге дейін отандық медицинаның дамуына елеулі үлес қосқан ардақты дәрігердің бірі – Сергей Овчинников. Ақмола өңірінің тумасы. 1972 жылдан бері өңірдегі медициналық ахуалдың қалыптасуына, дамуына қызмет етті. Түрлі басшылық қызметтерді атқарған Сергей Овчинников бейнеттің зейнетін көруде. Оның шәкірттері бүгінде елорданың медициналық құрылымдарында абыройлы еңбек етуде.

img_3898

Биыл Ардагерлер кеңесінің құрылғанына – 30 жыл. Осыған орай, қалалық Ардагерлер кеңесі мен Ұлы отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь ұжымы білікті дәрігерді арнайы құттықтап, мерекелік медальмен марапаттады.
– Ардагерлер кеңесі еңбегімді елеп, құрмет көрсетті. Ризамын. Қазақстанның медицинасы туралы айтсам, қарыштап дамып келеді. Небір орталықтар ашылды. Кезінде біздің азаматтар бар тапқанын шетелге жұмсап, сол жақта емделуге мәжбүр болатын. Қазір тегін әрі сапалы қызмет көрсетеді. Ғұмырымда ешқашан шетелде емделіп көрмедім. Қазір осында білікті дәрігерлерге көрінемін. Қонақүйден кем емес ұлттық орталықтарды көргенде, еліміздің әлі де биіктерден көрінетініне сенемін. Міндетті медициналық сақтандыру жобасын жүзеге асыруда осы саланың жілігін шағып, майын ішкен, шын жаны ашитын мамандардың басында болғанын қалаймын. Егер жемқорлық болмаса, халықтың игілігіне әбден айналдыруға болады, – дейді Сергей Овчинников. Зейнеттегі дәрігер халін сұрап келген азаматтарға арнайы алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button