Елорда тынысы

Ардагерлер алғысы



Елорданың Байқоңыр ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Рақмет саған, қазақ елі!» атты мәдени-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблея­сының мүшесі Роза Қалипенова, Amanat партиясының мүшесі, депутат Естек Қанат, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Мұхтар Еркетаев және орталықтың бір топ қызмет алушысы қатысты.

Кездесудің мақсаты өткен Алғыс айту күніне орай қоғам арасында бір-біріне құрмет сезімін ұялату, сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Сондықтан қатысушылар бірқатар рухани тақырыпта әңгіме өрбітті. Көпшілік бұл мереке тек 1 наурызбен шектелмей, жыл бойы аталуы тиіс деп санайды.

Amanat партиясының мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Қанат Естек орталықтың қызмет алушыларына жасалып отырған қолайлы жағдай үшін аудан әкімшілігіне ризашылығын білдірді. Қазақстандағы Корей ассоциациясы төрағасының орынбасары Роза Пак өз кезегінде қазақ халқына алғысы шексіз екенін айтты.

Ал ардагер ақын, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Григорий Шишов тақырыпқа орай өзінің авторлық өлеңін оқып, көпшілікті риза етті.

«Алғыс айту – адамдар арасындағы сенім мен сыйластықты арттыратын құрал. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, ­мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүдде­ге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс қоғамның рухани тыныштығына жетелейді. Сондықтан айналамызға алғыспен қарау, мейірімділіктің ізгі жолы екенін естен шығармағанымыз дұрыс» деді өз сөзінде зейнеткер Лев Ким.

Кеш соңында орталық қызметкерлері және білім алушылары аудан әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button