Қала мен СалаҚала тіршілігі

АРЗАН ӨНІМ АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ



Елордамызда 13 мамырдан бастап 1 қазанға дейін «Қазақстан» СК және «Алай» базары автотұрақ алаңдарында өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Бұған дейін әр өңірдің Астанадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі күз мезгілінен басталатын.

567890

Алайда бұл жәрмеңке «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылып отыр. Өйткені халықаралық көрме кезінде тұрғындар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі керек. Осы себепті жәрмеңкелерді өткізу орындары ретінде «Қазақстан» СК және «Алай» базарының автотұрақ алаңдары таңдалып отыр. Онда жылқы еті, сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, жарма түрлері, қант, бал, балық және тағы да басқа 30 мың тоннадан астам өнім ұсынылады. Сондай-ақ, шараның музыкалық сүйемелдеуін облыстардың шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді. Өйткені жәрмеңке екі күн қатарынан өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Алдағы 13-14 мамыр күндері дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады. Үш жәрмеңкеге облыстардың барлық аудандарының 190 өңдеу кәсіпорны мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады. Жәрмеңкеде жалпы көлемі 300 тонна болатын ауылшаруашылық өнімдері нарық бағасынан 15-20 па­йызға арзанға сатылады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button