Басты ақпаратЖаңалықтар

Ассамблея – тәуелсіз елдің жетістігі



Кеше елорданың «Достық» үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылды. Онлайн форматта өткен шарада Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу мен даму тарихы, қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетістіктері туралы сыр шертетін фотосуреттер қойылды. Көрме қатысушылары бірқатар тарихи жәдігерлермен де танысты.

Көрмені мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары ассоциациясының төрағасы Владимир Божко ашты.
– 1991-1993 жылдары тәуел­сіз елдің алдынан шыққан қиындықтарды еңсеріп, жаңа экономиканы құра бастадық. Барлық салада реформалар жүргізілді. Ең бастысы, осы отыз жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің саяси, экономикалық картасына тәуелсіз Қазақстанды енгізіп, бүкіл әлемге танытты. Бұл жылдар бойы бейбітшілік пен келісімді сақтап келе жатыр­мыз. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер үлкен үлесін қосты, – деді В.Божко.
Бұдан соң сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова елордалық ұйымның еліміздің дамуына, татулық пен ынтымақты сақтаудағы еңбегіне тоқталды.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button