Ел тынысы

Астана әкімдігі БАҚ өкілдері арасында байқау жариялады

Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ өкілдері шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық Коммуникациялар қызметі ұйымдастырады.

Астана туралы 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың 23 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған/эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушы конкурсқа 1 материалдан артық емес және тек бір номинация бойынша ұсына алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;
2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар;
3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;
4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер;
5) «Үздік мобилограф» – аэро түсірілімді қолдана отырып, мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;
6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер;
7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады;
8) «Астана қаласы Маслихаты жайлы үздік материал».

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын – 1 миллион теңге, екінші орын – 500 мың теңге, үшінші орын – 300 мың теңге.

Өтінімдер 2024 жылдың 23 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: sluzhbakommunikatsiy@mail.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: +7 (778) 812 25 60.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button