Ел тынысы

«Астана – біздің рухани ордамыз»

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 50 жылдығына орай және Астана күнін мерекелеу аясында Қаламгерлер аллеясында 5 шілде күні сағат 11:00-де «Астана – біздің рухани ордамыз!» атты «KITAPHANA FEST» – 2024 ауқымды кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«KITAPHANA FEST» кітап фестивалі – 2019 жылдан бері өткізіліп жатқан қалалық ауқымдағы тұңғыш кітап фестивалі. Бүгінгі таңда фестиваль аясында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 30-дан астам кітаптың тұсауы кесілді.

Іс-шараның мақсаты – мәдени іс-шара арқылы халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау, қоғамның мәдени деңгейін көтеру, белгілі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастыру.

Жыл сайын өткізіліп келе жатқан мәдени-бұқаралық іс-шара ретінде танылған көрмеде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен кітаптар ұсынылатын болады. Фестиваль аясында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар іс-шараға Сәуле Досжан, Серікбол Хасан, Әкім Ысқақ, Динара Оспанова сынды және басқа да белгілі ақын-жазушылар қатысады. Фестиваль аясында қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастау мүмкіндігіне ие болады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламалары күтеді.

Қосымша ақпарат үшін: +7 701 327 37 08, +7 701 448 79 50.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button