Елорда тынысы

«Астана» Еуропа лигасына түсті



«Астана» футбол клубы енді Еуропа лигасында ойнайды.

УЕФА-ның Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Хорватияның «Динамо Загреб» командасынан екі ойында қатарынан ұтылып қалған (4:0, 0:2) «Астана» енді Еуропа лигасында ойнайтын болды.

«Астана» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы – Болгария елінің чемпионы «Лудогорец» командасы. Бірінші ойын 10 тамызда Астанада, ал қарымта матч 17 тамызда Разгад қаласында өтеді.

Ал Конференция лигасында ел намысын қорғап жатқан «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай) келесі кезеңге өтсе, Шымкенттің «Ордабасы» командасы Польшаның «Легия» командасынан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button