Мәдениет

Astana Half Marathon: Жартылай марафон



Елордада екінші рет ұйымдастырылған марафон жарысына әлемнің 20-дан аса елінен 6000-ға жуық желаяқ қатысты.

Жарысқа қатысушылар жүгіруді EXPO халықаралық көрмесінен бастады. Одан әрі олар Ботаникалық саябақ, Ұлттық музей, Тәуелсіздік сарайы маңа­йымен және басқа да елорданың көрікті көшелерімен жүгіріп өтті.

Марафонның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев қатысып, елордада осындай бұқаралық спорт шаралары жиі өтетінін, өзі де бұл жолы желаяқтар қатарына қосылғанын айтты. Спортты жанына серік еткен адамдарға сәттілік тілеп, жарысқа қатысушылар саны көбейгеніне қуанышты екенін білдірді.

Биылғы марафонның бір ерекшелігі, күннің ыстық болуына байланысты жарыс белгіленген уақыттан 1 сағат ерте басталды. Бұл жөнінде қатысушылардың бәріне алдын ала хабарланды. Сөйтіп, жартылай марафон таңғы сағат 7:00-де басталды. Бірінші болып 10 шақырым қашықтыққа тіркелгендер сайысты бастаса, 7:25-те жартылай марафоншылар жарыс жолына шықты.

10 шақырым қашықтықта ерлер бәсекесінің жүлдегерлері:

1-орын. Руслан Оглов (Қазақстан) – 32 минут 27 секунд

2-орын. Хуан Себастьян Гарсия (Колумбия) – 33 минут 23 секунд

3-орын. Алмас Рахымбаев – 34 минут 9 секунд

21 шақырым қашықтықта ерлер бәсекесінің жүлдегерлері:

1-орын. Михаил Кулков ­(Ресей) – 1 сағат 7 минут

2-орын. Илья Тапкин ­(Қырғызстан) – 1 сағат 7 минут 47 секунд

3-орын. Надилбек Уталиев (Өзбекстан) – 1 сағат 8 минут 35 секунд

21 шақырым қашықтықта әйелдер бәсекесінің жүлдегерлері:

1-орын. Мария Коробицкая (Қырғызстан) – 1 сағат 15 минут

2-орын. Светлана Кудилич (Беларусь) – 1 сағат 17 минут

3-орын. Екатерина Василиченко (Украина) – 1 сағат 22 минут

Елордада екінші рет өткен жартылай марафонды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры ұйымдас­тырды.

Бұқаралық іс-шараның өту барысында желаяқтар мен жанкүйерлер үшін концерттік бағдарлама ұсынылып, түрлі конкурс өткізілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button