ӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

«Астана – мейірімді қала» акциясы шеңберінде 3000-нан аса адамға көмек көрсетілді



Елордада «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясы шеңберінде көмек көрсету жалғасуда. 

c-1

«Есіл» ауданы әкімінің аппараты 1 желтоқсаннан бері 800 адамды қамтыған, бұл – асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Олар үшін азық-түлік жинақтары дайындалды. Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай себетке бірінші қажеттілік тауарларынан басқа, мандарин, банан, ірімшік, шұжық және шайға тәтті-дәмді салынды. Акция өтетін уақытта аз қамтылған, көп балалы отбасылар қатарынан тағы 30 адамға аудандағы ұйымдар қайырымдылық көмек көрсетті.

«Алматы» ауданы әкімдігінің мәліметінше, «Астана – мейірімді қала» акциясы шеңберінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына көмек көрсетілді, барлығы 1000-ға жуық адам қамтылды. Шараға бизнес қоғамдастық, аудандағы 35 жалпы білім беруші мектеп мен мердігер ұйымдары қатысты.

0eed0d2b158bd89233e0aee7022

«Сарыарқа» ауданы бойынша 1350 отбасыға көмек көрсетілді. Соның ішінде 10 отбасыға  қатты отын, 10 отбасыға – құрылыс материалдары, 1320 адамға азық-түлік өнімдері жеткізілді.

Еске салсақ, елорда әкімдігі мұрындық болған «Астана – мейірімді қала» акциясы желтоқсан айының басында басталып, 31-ші желтоқсанда мәресіне жетеді.

http://astana.gov.kz.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button