Ел тынысы

Астана мектептерінде ұлттық спортқа арналған 528 іс-шара өтті



Бүгін Ұлттық спорт күніне орай Астананың барлық білім беру ұйымында ұлттық спорт түрлері бойынша бұқаралық спорттық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оқушыларды салауатты өмір сүруге баулу, ептілікке, икемділікке, сабырлыққа тәрбиелеу, білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында Ұлттық спорт күніне орай Астана қаласы бойынша 25 000 адам қатысқан 528 іс-шара өткізілді.

Мерекелік шараларда жасөспірімдер арасында күрес, тоғызқұмалақ, бес тас, асық ойнап, арқан тартыс сынды ұлттық ойын түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қатысушылар гір көтеру, қол күрестіру сайыстары бойынша да бақ сынады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button