Елорда тынысы

«Астана опера» театры



Елордадағы әсемдігімен көз тартар ғимараттың бірі – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ашылғанына биыл 10 жыл толады. Өнер ошағы 2013 жылдың 21 маусымында қазақтың классик композиторы, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен алғаш шымылдығын түрді.

Бас қаланың сол жаға­лауында бой көтерген Орталық Азиядағы ең ірі театр әлемдік сәулеттің ең үздік дәстүрлерін ескере отырып салынды. Архитектурасында қазақтың ұлттық нақышы ерекше орын алды, ал техникалық жабдықталуы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Театрдың кірпішін қалауға отандық мамандармен қатар Швейцария, Италия, Албания, Марокко, Ресей шеберлері де қатысты. Жобалау барысында мұндай ғимараттарды салудағы жинақталған әлемдік тәжірибе ескерілді.

Ғимаратты жобалауға құрметті сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Мәлібеков қатысты. Атап айтқанда, театрдың ұшар басындағы жылқылар – еліміз елтаңбасы авторының туындысы. Жалпы, театр ғимараты – ұжымдық жұмыстың жемісі. Оған 33 мемлекеттің құрылысшылары мен сәулетшілері қатысты. Грек-рим мәдениеті, қазақтың сәулет өнері, маньеризм мен барокко сәулет стилі астасқан өнер ошағының кіреберіс маңдайшасын мүсіншілер Мұрат Мансұров пен Тоқтар Ермековтің «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» туындылары әшекейлеп тұр. Бұл мүсіндік композициялар Италияның Виареджо және Петро-Сента қалаларында құйылды.

«Астана Опера» театрының үлкен концерт залы 1250 көрерменге есептелген. Ал камералық зал 250 адамға арналған. Бұған қоса, ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетиция орынжайы бар

Театрдың төбесіне қо­йылған квадрига (авторы – Қанат Нұрбатыров) сақ патшайымы Тұмар ханымның бейнесінде берілген. Барлық мүсіндік композиция қоладан құйылып, уақыт өтісімен платинамен бүркеліп, көркемдік қасиеті одан сайын әрлене түсті.

«Астана Опера» театрының үлкен концерт залы 1250 көрерменге есептелген. Ал камералық зал 250 адамға арналған. Бұған қоса, ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетиция орынжайы бар.

Театрдың шығармашылық жетістігін атасақ, өнер ұжымы сахналаған А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын (2018) және «Жылдың театр алаңы» аталымында классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық сыйлығын (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019) иеленді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button