Ел тынысы

«Astana run-2024» жарысы өтті



Елорда төріндегі «Триатлон» саябағында Astana run-2024 аясында 5 шақырымды құраған маусымның алғашқы жарысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылы далада бірінші рет ұйымдастырылған турнирде 500-ден астам әуесқой желаяқ бас қосты. Астана қалалық спорт басқармасы мәлім еткендей, «Astana run – 4 кезеңнен тұратын әрі қаланың түрлі жерінде өтетін ерекше сайыс.

«Дәстүрлі бәсекеміздің әр кезеңінде шамамен 30% қатысушы бірінші рет қатысады. Олар тек жүгіріп қана қоймай, хоббиі сәйкес адамдармен танысып, қалаға тез сіңісуге мүмкіндікті арттырады», — дейді жарыс ұйымдастырушы Жанат Қожахметов.

Жүгіруді жаны сүйетін әуесқой желаяқтар жылдың 4 мезгілінде жүгіріп, әр кезеңде қаланың сәніне айналған ғимараттары, сәулеттері бейнеленген медальды иеленеді.

«Бүгінгі күн — жүгіру үшін өте қолайлы сәт. Күннің салқындығы артық терлемеуге, уақыт көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді. Денсаулық — зор байлық. Ауырмау үшін, отбасымызбен саламатты өмір салтын ұстанамыз. Ұйымдастырушылардың балаларға арналған қашықтықтықты қамтығаны жақсы болды. Нәтижесінде бастауышта оқитын Глеб атты ұлым бірнеше рет жүгіріп, бойындағы шыдамдылық, қайсарлық, тәртіп сынды қасиеттерін арттырып жатыр», — деп Лилия атты қатысушы жарыстың артықшылықтарын айта кетті.

Жарыс барысында ересектер 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жастан жоғары санатта жеңімпаздарды анықтаса, 3-9 жас аралығындағы балалар 400 метр, 10-17 жастағы жасөспірімдер 1 шақырымға жүгірді.

«2019 жылдан кейінгі ресми алғашқы жарысым. Салыстырмалы түрде жүгіру соңғы кезде трендке айналды. Алайда осындай үрдіс моно қалаларда да жалғасын тапса екен деймін. Себебі, кіші қалаларда әлі де жүгіру, велосипед айдауды әлі салауатты өмірдің бір бөлшегі ретінде толыққанды санамайды», — деді Асыл атты қатысушы.

Қыс бойы жаттығу залында дайындалған желаяқтар үшін бұл алғашқы жаттығу десе болады. Өйткені, 28 сәуір күні Бірлік күніне орай, 10, 21 шақырымды құрайтын ұзақ қашықтықтар да қосылатын болады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button