Елорда тынысы

Астана – шуақты қала



– Астанаға 2022 жылы тамызда келдім. Қазіргі таңда Президент саябағының тура қасында отбасыммен тұрамын. Шынымды айтсам, бұл елордадағы ең әдемі жер деп санаймын. Себебі өзен жағасында, ағаштардың саясында отырып демалғанға не жетсін?! Қаланы көгалдандырудың маңызы зор, кез келген шаһардың сәні сол, осы жағынан Астанада ағаштарды көптеп отыр­ғызғаны ұнайды. 10-15 жылдан кейін бұл парк­тер одан сайын құлпыра түседі деп ойлаймын. Жалпы елорданың өзі әлемді таңқалдыру мақсатында салынған секілді. Дегенмен қалада әлде де адамдар үшін, отбасылар үшін жайлы орындар жетіңкіремейді. Сондай-ақ қар қалың түседі. Бізде Лондонда қар аз жауады. Салқынға үйрендім, бірақ шаңғы тебе алмаймын. Астананың қысы ұнайды, себебі күні шуақты болып тұрады. Жұмыстан бос уақытта қалада, паркте серуендегенді ұнатамын. Менің ұлым парктердегі сырғанақта ойнағанды жақсы көреді. Ең бастысы, ауаны түтіннен тазарту үшін газдандыру жұмыс­тары толық жүзеге асырылса екен. Себебі қазір көмір жағатын үйлердің түтінінен және көліктердің ауаға тастайтын қалдықтарынан қаладағы ауа сапасы аса жақсы емес. Ал адамдарына келсек, мұнда халық өте мейірімді, сыпайы. Кейде таксиге тапсырыс беріп, қаланы аралаймын, сол кезде де өзімді қауіпсіз сезінемін. Астананың 25 жылдық мерейтойында қаланың одан әрі гүлденіп, дамығанын тілеймін! Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін астанада жайлы, қолайлы, қауіпсіз өмір болуы керек.

Кэти ЛЕЧИ, Ұлыбританияның

Қазақстандағы елшісі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button