Ел тынысы

Астана – туу көрсеткіші жоғары өңірлер қатарында



«Еліміздің демографиялық даму саласындағы тенденцияларға тоқталсақ, 2021 жылы соңғы 34 жылдағы ең жоғары туу көрсеткішіне қол жеткіздік. Бүгінде Алматы, Шымкент, Астана қаласы және Түркістан, Маңғыстау облысында халық санының өсімі жақсы деуге болады». ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенатта өткен Үкімет сағатында осылай деді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның айтуынша, кейінгі жылдары елімізде туу көрсеткіші рекорд орнатқан. Халық санының артуы мемлекет алдына жаңа міндеттерді қойып отыр.

«Мемлекет басшысы демографиялық өзгерістерді болжап, олардың салдарымен күресу үшін уақтылы шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында адам азайған. Халық саны орташа деңгейде өсуі Қызылорда және Атырау облысына тиесілі. Халық тығыз орналасқан және саны артып жатқан аймақтар бойынша мемлекеттің алдында көптеген әлеуметтік және экономикалық міндеттер тұр. Еліміздің демографиялық дамуына әсер ететін ана мен бала өлімін азайту, отбасын қолдау, ажырасудың алдын алу секілді мәселелер Ұлттық комиссияның ерекше бақылауында», – дейді ол.

Фото: pexels.com

 

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button