Ел тынысы

Астанада әскери полиция қызметкері «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды

Бүгін Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрдің бұйрығына сәйкес  судан адам құтқару кезінде батылдық пен өжеттілік танытқаны үшін 01068 әскери бөлімінің әскери полиция қызметкері Нұрғали Әсілхан  марапатталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Астана қаласы ТЖД бастығы Марат Күлдіков  «Суға батқандарды құтқарғаны үшін»  медалымен Нұрғали Әсілханды марапаттап, адам құтқару кезіндегі танытқан қырағылы мен жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Нұрғали Әсілхан 15 мамырда кешкі уақытта  «Серуен» көпірінің жанында жиналған адамдарды байқап, жағдайды анықтау үшін жақындайды. Сол сәтте ол  жаяу жүргізшілер көпірінен секірген адамды байқап, ойланбастан артынан суға секіреді. Жедел әрекеттердің нәтижесінде 2004 жылы қала тұрғыны жағаға алып шығып, ес-түссіз жатқан жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осылайша тағы бір өмір ажалдан аман қалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button