Ел тынысы

Астанада «Astana Smart City Accelerator» бағдарламасы басталды

Өткен жұмада Astana Hub-та Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың қатысуымен бағдарламаның Opening day күні өтті, онда 30-дан астам IT-кәсіпкерлер жиналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қатысушылар speed networking форматында жұмыс тобымен танысты, өз жобаларын таныстырды және экспресс-іріктеу үшін трекерлермен сұхбат өткізді.

Цифрландыру басқармасы Astana Hub және Astana Innovations-пен бірлесіп құрған бағдарлама елорданың IT-стартаптарын қолдауға және қалалық ортаны жақсартуға негізделіп арналған. 5 тамыздан бастап қатысушылар жетекші сарапшылармен жұмыс істейді, воркшоптарға қатысады және әкімдік мекемелерінде өз шешімдерін енгізеді.

20 жобаның 10-ы Astana Hub-тан 5 млн теңгеге дейін алады.

Қатысушыларға өз шешімдерін қаламыздың өміріне табысты енгізуде сәттілік тілейміз!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button