Ел тынысы

Астанада бірден 16 автобустың маршруты өзгерді

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №10, 12, 29, 29А, 32, 37, 40, 46, 51, 57, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Бүгін таңертең сондай-ақ №201,203 маршруттар да басқа жолмен жүретіні белгілі болды.

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, соңғы күндері Астанадағы кептелістен тұрғындар діттеген жеріне уақтылы жете алмаған еді.

Сол үшін көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button