Қоғам

Астанада «Бірлесіп басқару – бөлек жауапкершілік» жобасы таныстырылды.



Қазақстанның төрт өңірінде ауылдағы азаматтық бастамаларды іске асыруға бағытталған жоба басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы мақсатта Астанада «Бірлесіп басқару – бөлек жауапкершілік» жобасы таныстырылды.
Іс-шараға ҚР МАМ, ҚР ҰЭМ, Азаматтық бастамаларды қолдау орталықтары, облыстық әкімдіктер өкілдері, сарапшылар мен азаматтық сектор өкілдері қатысты.

Жобаны АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен «Десента» қоры іске асырады. Жергілікті басқару жүйесі, өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғам ұйымдары өзара тиімді әрекет етіп, жергілікті проблемаларды бірлесіп шешу әлеуетін нығайту мақсатында ҚР МАМ, ҚР ҰЭМ тарапынан үйлестіру арқылы жоба жүзеге асады.

Жобаны енгізу Павлодар, Батыс Қазақстан облысы, Жетісу және Ұлытау облыстарында жоспарланған.

ҚР МАМ Азаматтық істер комитеті төрағасының м.а. Гүлбара Сұлтанова қатысушыларға ҚР-дағы азаматтық қоғамның дамуы мен ҮЕҰ-ның мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі туралы нақты айтып берді, сондай-ақ осы жобаны іске асыруда қорға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Осы төрт жылдық жоба шеңберінде ауылдық округтерді қолдауға, жергілікті бюджеттерді жоспарлаудағы тиімділікті арттыруға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру үшін функционалдық шолулар жүргізуге көмектесуге, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспарланды.

Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу қарастырылды.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button