Ел тынысы

Астанада Иран ғалымдары тарихи-мәдени көрме өткізді



Елордадағы Astana International University-де Иран ғалымдары көне жазба қолжазбалардың көрмесі мен каллиграфия бойынша шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараларды Иранның Қазақстандағы Елшілігінің көмегімен «NUR» ирандық халықаралық микрофильмдер орталығының мамандары ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Аталған орталық директоры, профессор Мехди Хаджа Пири қазақстандық студенттер мен ғалымдарға көне қолжазбаларды қалпына келтіру туралы дәріс оқыса, профессорлар Хусейн Али Джафариани мен Вафадар Моради жазба мұраның сирек көшірмелерін таныстырды.

Профессор Хамид Малекиани каллиграфия бойынша қызықты шеберлік сабағын өткізді,оған студенттер белсенді қатысып, тарихтың бұрын беймәлім беттерін аша отырып құнды тәжірибе жинақтады.

Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Иранның тарихи-мәдени мұрасымен тереңірек танысып, құнды тарихи құжаттарды қалпына келтіру саласындағы білімін толықтыруға мүмкіндік алды.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button