Ел тынысы

Астанада мұқтаж жандарға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды

Құрбан айт мейрамына орай Астанада дәстүр бойынша көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл ауқымды іс-шараны қала әкімдігі мен демеуші болған Qazaq Oil компаниясы «Игі істер марафоны» аясында өткізіп жатыр.

«Бүгін мыңға жуық себет әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Қораптың салмағы – 45 келі. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б. Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін «Qazaq Oil» компанисына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қоса, өзге де бизнес өкілдерін игі іске қатысуға шақырамыз», – деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.

Ал «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіп береді.

Себеттердің бірі астаналық көпбалалы ана Жанагүл Қарасаеваға табысталды. Ол осындай көмек көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.

«Алғысымды білдіргім келеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет. Барша қазақстандықтарды Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін!» – деді көпбалалы ана.

Мұндай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button